Түркістанда 7 жастағы қыз 5-қабаттан құлап қайтыс болды

51


Маусымның 8-і күні Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы көпқабатты  үйлердің бірінде жетінші жастағы қыз абайсызда бесінші қабаттан құлап қайтыс болды. Бұл туралы Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«8-маусым күні таңғы сағат 07:40-та Түркістан қаласындағы бірінші шағын ауданында көпқабатты үйлердің бірінде 2011 жылы туған қыз бесінші қабаттан абайсызда құлап кетіп, ауруханада қайтыс болды» делінген хабарламада.

Дереккөз:Азаттық радиосы

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.