Бүгін Ақтөбе қаласында белгілі мемлекет қайраткері Нұрлан БАЛҒЫМБАЕВ еңбек еткен мекеме ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының өңірдегі тілшісі Зада ЗЕЙІН хабарлайды.

Жиынға марқұмның туыстары, бірге қызметтес болған әріптестері, достары қатысты. Белгі кезінде Нұрлан Өтепұлы қызмет еткен ғимараттың қабырғасына ілінді. Еңбек жолының басында Нұрлан Өтепұлы «Актюбинскнефть» мекемесінде бас инженер болып еңбек еткен. Ол жерде қазір «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мұнай және газ институты орналасқан. Ескерткіш тақтаның ашылуына жиналғандар Нұрлан Өтепұлының кәсібилігі, адами қасиеттері туралы айтты.

Нұрлан Балғынбаевтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды
Нұрберген Балғымбаев

«Нұрланның кішкентай маңдай терін үлкейтіп мына ғимаратқа қара тасты іліп жатыр. Еңбегін елеп жатқанына ризамыз. Нұрланның атасы мұнайшы болған. Біздің әкеміздің әкесі 1911 жылы Нобель дейтін ағылшынның компаниясында Доссорда жұмысшы болған. Сол 11-жылдан бастап мінекей, соны жалғастырып келе жатырмыз. Балғымбайдың бес баласы да мұнайшы болды. Ол бес баланың 25 баласы, бәріміз мұнайшы болдық. Біздің балаларымыз да мұнайшы. Ұрпақтан-ұрпаққа эфтафета болды деуге болады», -деп еске алды туған інісі Нұрберген БАЛҒЫМБАЕВ.

Ал Ақтөбе облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ министрлер кабинетіне жетекшілік еткен тұста Нұрлан Балғымбаевтың көрегенді басшы болғанын еске алды.

Нұрлан Балғынбаевтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

«Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Біз ел үшін, ұлт ішін еңбек еткен азаматтарды ұмытпауымыз керек. Солардың ірісі — Нұрлан Өтепұлы. Ол кісінің мемлекет үшін еңбек еткенін жақсы білесіздер. Совет кезінде министрлер кабинетінде  жұмыс жасаған қазақ азаматтары аз. Соның бірі — Нұрлан Өтепұлы. Мұнайгаз министрлігінде жұмыс істеп, шетелде оқып, қиын кездерде премьер министр болды. Мен ол кісімен бірге жұмыс істедім. Жақсылығын көп көрдім. Қызылорда, ОҚО басшылықта болған кезде көп көмегін көрсетті. Ел экономкасының дамуы үшін, халықтың әл ауқатын жақсарту үшін үлкен еңбек жасады»,- деді салтанатты жиында  Б. Сапарбаев.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.