Бірқатар Батыс Еуропа елдері Ресейдің Қырымды аннекциялап алғанын ұмыта бастады. Бұл туралы Анкарада Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют ЧАВУШОҒЛЫ мәлімдеді, деп хабарлайды zhasalash.kz түркиялық «Yeni Safak» басылымына сілтеме жасап.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы бұл туралы 7-маусым күні Қырым түріктерінің мәдениеті мен өзара жәрдем Ассоциациясы ұйымдастырған жиында айтты.

«Қазір Қырымның жағдайын ұмытқандарыңыз үшін күні ертең Украинада әлдебір оқиға бола қалған жағдайда, сіздер жауапты боласыздар», — деді Мевлют Чавушоғлы Батыс Еуропаға қарата.

Ол Түркия өз кезегінде Қырым туралы бір сәтке естен шығармайтынын, сондай-ақ Ресейдің түбекті оккупациялауын ешқашан құптамайтынын айтты. Сонымен қатар, Анкара тарапы қырым татарларына қашан да қолдау көрсетіп отыратыны жайлы уәде берді.

Чавушоғлының айтуынша, Түркия Еуропа Кеңесінде, ЕҚЫҰ-да және өзге де халықаралық платформаларда Қырым мәселесін әлі де көтере береді. Сонымен қатар, Украинаның егемендігі мен территориясының сақталуына барынша күш салады. Ал Госдуманың қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Юрий ШВЫТКИН Түркия СІМ басшысының Қырым туралы бұл мәлімдемесі түсінбеушілік туғызып отырғанын, тіпті, ашуға тиетін жағдай екенін айтады.

Фото: golos-ameriki.ru

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.