АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын қатысатын саммитке дайындықты аяқтау үшін екі елдің ресми өкілдері маусымның 11-і күні Сингапурде кездеседі. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс солтүстік кореялық делегациямен өтетін келіссөзге АҚШ өкілдерін осы елдің Филиппиндегі елшісі бастап баратынын хабарлады. Дональд Трамп пен Ким Чен Ын Сингапурге маусымның 10-ында жетті.

Президенттердің алғашқы кездесуі 12 маусым күні Сентос шипажай аралында өтеді деп жоспарланған. Трамп пен Ким Пхеньянның ядролық бағдарламасы мен Корей түбегін ядролық қарудан арылту ұмтылысын талқылайды. Трамп бұл саммитті «Солтүстік Кореяның соңғы мүмкіндігі» екенін айтып, өзіне «сенімді екенін» жеткізген. Ол Ким Чен Ынның ядролық қарудан бас тартуға қаншалықты бел шешкенін «бірнеше минут ішінде-ақ» ұға алатынын мәлімдеген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.