Балабақшадағы алаяқ

500

Айына 45 000 теңгеге балаларын жеке балабақшаға беріп отырған ата- аналардан бүлдіршіндердің жағдайын жақсарту мақсатында қарызға миллиондар сұраған «Ромашка» балабақшасының директоры көптеген адамдарды алдап келген. Қарыз берген ата-ананың баласын 2021 жылға дейін төлем жүргізу талабынан да босатамын деп уәдені төккен. Қазіргі таңда 22  ананың шағымы Қарағанды облыстық Ішкі істер Департаментіне түскен.  Қаңтар айында 1 млн теңгені қарызға берген Юлия ПРОКОПЬЕВА осы тізімнің қатарында.

«Мен 1 мнл теңгені Анна БОГАТОВАНЫҢ қолына ұстаттым. Ол маған бір ай көлемінде қайтарып берем деп қол хат жазып берді. Барлығы сол баларадың қамы, жағдайды жақсартамын. Жаңа заман талабына сай дүниелер сатып алмақшы болды.Басқа да түрлі жоспарларын айтып сенімге кірді. Үш жерде балабақшасы бар екенін тағы білемін. Мен сендім. Мамыр айында, балабақшаға жаңа қожайындар келіп, енді Богатованың жұмыс ісмейтінін және оның келісім шарты жарамсыз екенін айтқанда шалқамнан түстім. Ақша да кетті, тегін айларым да жанды. Бірден полицияға арыздандым», — дейді Юлия.

Осылай ата-аналарды алдап келген жеке мекеменің басшысы тіпті олардың үйіне дейін барған.

«Менің баламды балабақшадан өзі үйге алып келіп, жарты сағаттың ішінде 1 млн тенге тауып беруін өтінді. Менде қаражат жоқ дедім, бірақ ол кезде анам емделуге жинап отырған қаражатты берді. Қаражатты қарызға алдым, бір айдан кейін қайтарып беремін деген қолхаты да бар»,- дейді Игорь ВИНЕЛЬ.

Қазір  балабақша директорының ұстіне түскен шағымға байланысты   алааяқтық ісі бойынша қозғалып,   А.Б: Богатова үй қамағына алынды деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жанатай СЕМБЕКОВА.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.