Бұл суретті «Жас алаш» газетінің Оңтүстіктегі қосынына Төлеби ауданы Зағамбар ауылының тұрғыны Ералхан Жылқыайдарұлы алып келді. Қызы Бейне Қаржаубаеваның редакцияға арнап жазған хатын да тапсырды.

Әруақпен селфи
Бейне Қаржаубаева

Бейненің аты-жөні жалпы көпшілікке бейтаныс емес. Көріпкел, емші ретінде танылған қыздың осыдан екі-үш жыл бұрын СПИД дертінің емін тапқаны, алайда оның ем-домына дәрігерлердің қарсы болғаны ақпарат құралдарында айтылған болатын.

-Мен емшілікті 2005 жылы бастаған болатынмын. Иммунитет тапшылығы дертінің емі қолдың күре тамырына иіссу егу екенін айтқанмын. Ол медицинада қарсылыққа тап болды. Оларды да түсінуге болады. Дүние ғалымдары таппаған шипаны мамандығы тарих пәнінің оқытушысы қалай табады деген шығар. Бірақ мен өз жаңалығымды уақыт еншісіне қалдырамын.

Алайда осы жылдары бір тылсым күш маған  маза бермеді. О дүниелік болған пенделермен тілдесемін. Қандай жағдайда қайтыс болды? Нені айта алмай кетті? Оны әруаққа айналған өздері айтады. «Осы жағдайды айтсам, ел не дейді?» деп те жүргенмін. Олар -рухтар «біз бір дәлелін береміз. Түнде айнаның алдына өзің қалып, бізді шақыр, көрінеміз» деп аян берді. Менің оған батылым жетпеді. Жақында кешке ұялы телефонымның камерасымен өз-өзімді суретке түсірген болатынмын. Түсірілген суретті көріп шошып кеттім. Арт жағымда адам бейнесіндегі әруақты бейнесі түсіп қалыпты.  Берген дәлелі осы шығар деп ойладым. Суретті шығаруға барсам, ондағылар «мұны қолдан жасау мүмкін емес» деді.

Көптеген емші-тәуіптер пәленбай аурудың атын айтып,  жазып жіберемін деп жатады. Дұрыс емес. Бәрін жазу Алланың қолында. Біз өмірін ұзартуға себепшіміз. Рухтар кейде өздері келеді. Ондайда байланысқа түсу оңай. Шақырсам қиындық тудырады. Маған болжамдар да беріледі. Келесі президет Дариға Назарбаева болатынын он жыл бұрын айтқанмын.

-Саған берілген қасиет санадан тыс,- деп әруақтар адам бейнесінде көрінген соң емшілікті қайтадан жалғастырмақ болып шештім,-деп жазыпты хатта Бейне. 

Ералхан Жылқыайдарұлының айтуынша, қызына Бейне деген ерекше есімді оның өзі қойған екен. Неге олай деп қойғанын оның өзі де айта алмады. Бәлкім мұнда да бір тылсым-құпия бар шығар.

Фото: delfi.lv

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.