Бүгінгі санның аңдатпасын оқырманға ақжолтай хабар айтудан бастамақпыз. Әдебиет сыншысы, жазушы, композитор Тұрсынжан Шапай «Жас Алаштың» тұрақты авторларының қатарына қосылды. Ол кісінің қаламынан туған «Қазақтың жаны», «Күлкі және көз жасы» кітаптары ормандай оқырмандар тарапынан жылы қабылданып, қолдан қолға өтіп оқылғаны мәлім. Қазақ мәдениеті мен әдебиетіндегі интеллектуалды бірегей тұлғаның «Жас Алаштың» авторы болу оқырман үшін үлкен олжа. Бүгінгі санда Тұрсынжан Шапайдың «Дәуір тұлғасы» атты шығармасы жарияланып отыр. Онда алуан түрлі адами мінездер суреттеліп, бүгінгі қоғам бойындағы кемшіліктер шебер сипатталады.

Тұрсынжан Шапай. Дәуір тұлғасы — Ана екеуі дереу тиісті орындарға «бұл шындықты айтам деп, әр есікке бір соқтығып, ешқайсына симай жүр» деп арыз жазды. Елдің шырқын бұзғысы келіп жүрген оңбаған екенін дәлелдеп, радио, теледидар, баспасөзге сұқбат беруден бір шаршамады антұрғандар… Ақыр соңы, «майысқақ» деп, жәбір сөз айтқаны үшін сотқа шағымданды. Осы қаладағы барлық лауазымды таныстарымды салып жатып, бейбақтың басын пәледен әрең ажыратып алдым. Бірақ осыдан бастап Теміртас отырса опақ, тұрса сопақ болды. Қатаң бақылауға алынды.

Назарбаев Қытайдан тағы да қарыз алды — Әрине, қытайлықтар инвестицияны тегіннен тегін құймасы белгілі. Қандай да бір жобаны қаржыландыратын қытайлық компаниялар сол жобадан әуелі ойып тұрып үлесін алады. Айталық, «Аллюр» автомобильдер компаниясы тобына 1 миллион доллар инвестиция құятын қытайлық компания одан 49 пайыз үлесін алмақ.

ҰБТ таяп қалды. Әулие аралайық… — Міне, осы армандардың тас-талқаны шығатын кез ­­­– ҰБТ тапсырар қарсаң. Жылдың басынан бастап оқушыға талас басталады. Тәуір оқитын оқушыны жан-жақтан үгіттеп жатқан ел. Мәселен, биология мұғалімі тарихшы болғысы келетін оқушыға тарихты таңдаса қиналып қалатынын, дүниежүзі тарихын жаттап болғанша миы ашитынын, тіпті ертең аз балл жинап қалуы мүмкін екенін т.б. айтуы мүмкін. Осыдан келіп оқушының бойында қорқыныш пайда болады.

ШЫҰ: Орталық Азиядағы ықпалға бақталастық — Associated Press топшылауынша, Ресей Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жобасына құлықсыздықпен қосылса да, аймақтағы ықпалын Кеден одағы, Еуразия экономика одағы арқылы күшейтуді көздейді. Орталық Азия мемлекеттеріне де осы керектей. Қытай ықпалына түсіп қалудан қорқатын Орталық Азияның әлжуаз мемлекеттері Мәскеумен жақындаса түскісі келеді.

«Қаһармандар» тарихты қайта қарамақ — Мемлекетіміздің бұл мәселелермен айналыса алмай отырғанын, оған «сыртқы факторлардың» да әсері бар екенін айта келіп, «Қаһармандар» қорының мемлекетке көмек жасау мақсатында құрылғаны жайлы да айтылды. Сонымен қатар қор саясатпен айналыспайды. Президент «Қаһармандардың» жұмыс жоспарын таныстырғанда айтты.

Астана – 20 жыл: Тоқаев неге түрте салғыш? —  Мысалы, ұлы далаға қайта туса да, ешқандай қатысы жоқ, бірақ «Ұлы дала бірлігіне» Ресей әншілерін бастап келген Дима Биланның бір ән айтқаны  60 мың евро екен. Теңгеге аударсақ 23 миллион 520 мың теңге болады. Бір Биланның өзі осындай болғанда, өзге 12 әнші мен екі топтың қаламақысын есептей беріңіз. Әрине, олардың да алары Димадан бір мысқал кем болмасы анық.

Қазақ-қытай қатынасы: қарыз бен қауіп — Егер жолаушы 72 сағаттың ішінде шекарадан шықпаса, оны өз қаражатына немесе әуе компаниясының есебінен еліне қайтарады. Бір сөзбен айтқанда, қатаң бақылауда болатындай. Бірақ елдегі жемқорлықтың асқынғанын ескерсек, бақылау босаңсып кетіп, үш күнге келген қытай азаматы Қазақстанда біржола қалып қоймасына кепілдік жоқ. Бір ғана мысал, 2014 жылы екі қытай азаматы 291 дана Қазақстан паспортының толтырылмаған нұсқасы және біздің ел азаматтарына ғана тиесілі қорғаныс жолағы бар голографиялық таспа орамдарын шекарадан алып өтпек болған кезде ұсталған еді. Сондықтан да 72 сағатқа берілетін транзиттік визасыз режимнен де қоғамның қауіптенетін қисыны бар.

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.

Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің епоштаңызға түсіп тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.