Өзбекстанда мемлекет басшысына ода арнауға тыйым салынды. Бұл туралы Жас Алаш ozodlik.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Енді Өзбекстан президенті Шавката МИРЗИЯЕВҚА ән арнаған әнші мен композитор лицензиясынан айрылады. Яғни өнермен айналысуын тоқтатады. Бұл шешім 2018 жылдың 2 маусымында «Өзбекконцертте» болған кездесуде ел өнерпаздарына жария етілді.

«Мемлекет басшысына ән, бейнебаян арнау әдепсіздік»,- деді «Өзбекконцерт» мекемесі директорының қызметін уақытша атқарып отырған Азамат ХАЙДАРОВ.

Бұндай шешім Дильфуза ИСМАИЛОВАНЫҢ Шавкат Мирзияевка арнаған әнінен кейін қабылданды. 21 мамыр күні 49 жастағы әншінің одасы YouTube желісіне шыққан. Алайда, әлеуметтік желіде өнерпаздың президентке жасалған тартуы көпшілікке ұнай қоймады. Әнші сынға іліккен-ді.

Фото: ozodlik.org

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.