Бір әкім ішкіш, екіншісі боқтампаз

812

Қарағанды облысы, Қарқаралы аудана қарасты екі ауылдың әкімі қатаң сөгіс алды. Бірі боқтампаз болса, бірі ішімдікке тойып алып автокөлік айдаған.Бұл туралы Жас Алаш сайтының өңірдегі тілшісі Айман САҒАТАЙ хабарлайды.

Қарқаралы аудынына қарайтын Қырғыз селолық округінің әкімі Бауыржан ҚАПАШЕВ (бірінші суреттегі) сыраға тойып алып, көлігіне отырған. Бұл туралы тәртіптік кеңестің кезекті отырысында белгілі болды.

Бауыржан Қапашев

«Тергеп-тексеру барысында, Қарқаралы ауданы Ішкі істер бөлімінің жол-патрульдік полициясы 2018 жылдың 8 ақпанында сағат (20.30-да), «Mercedes benz» маркалы автокөліктің тоқтатылғандығы және аталған автокөлікті Капашов масаң күйінде жүргізгендігі анықталды.Аталған факті бойынша Капашов «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 608 — бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілкке тартылып, соттың қаулысымен көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айрылды» деді оқылған баяндамасында бас маман Ерқанат МАЖИТОВ.

Аталған заң бұзушылықты Бауыржан Қапашев мырза мойындады. Тіпті екінші қайталамайтынын айтып ақталды. Алайда, бірінші сыныптың оқушысындай басын жерден алмаған әкімге қатаң сөгіс жариялады.

«Орын алғаны рас. Жұмыстан тыс уақытта болғанымен, мемлекеттік қызметкер болғандықтан, ондай іске бармау керек екені жөнінде білемін. Болған нәрсені мойындаймын. Алдағы уақытта енді бұндай заң бұзушылықтарға жол бермеуге уәде беремін», — деп ант берді әкім.

Қизат Сағатбеков

Қайнарбұлақ ауылының әкімі болса бейәдептілік танытқан. Ол қызмет бабын асыра пайдаланып, қарамағындағы бас маманға дауыс көтеріп, дөрекілік танытқан. Қизат САҒАТБЕКОВ тәртіптік жазаға тартылып, сөгіс алды. Енді ол жыл соңында берілетін үстемеден де қағылды.

Жандос Сәрсенов

«Жаңа еңбек ақы жүйесінде тұрақты бөлім бар. Яғни мемлекеттік қызметкердің айлық екі есеге өсіп жатыр. Екінші бөлім ол бонус бөлігі бар. Осы бонус бөлігі әрбір мемлекеттік қызметкердің қалай жұмыс істегінін, соның ішінде  әдеп нормаларын бұзғаны, бұзылмағаны ескерілетін болады. Тәртіп жазаға тартылуыңыздан бөлек, ертен сіз материалдық тұрғыдан да ұтылып қаласыз», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы Жандос СӘРСЕНОВ.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

 

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.