Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 12 маусымда Сингапурде өткен АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы саммитке қатысты мәлімдеме жасады. 

Министрлік сайтындағы мәлімдемеде  «Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамп және Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның Сингапурде өткен кездесуін қолдайды және мемлекеттердің екіжақты қатынастарды реттеу қадамдарын жоғары бағалайды. Аталған саммит Вашингтон мен Пхеньян арасындағы сенімді нығайтады. Кездесуді Солтүстік Корея мен халықаралық қоғамдастық арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін маңызды тарихи оқиға ретінде қарастырамыз» деп жазылған.

Қазақстан екі ел арасындағы қарым-қатынас бейбіт түрде жалғасатынына сенім білдіріп, барлық тараптарды Корей түбегін ядролық қарусыздандыру келіссөзін қолдауға шақырған. 

12 маусымда АҚШ және Солтүстік Корея басшылары Сингапурде алғаш рет жүзбе-жүз кездескен. Саммит қортындысы бойынша Трамп пен Ким Чен Ын арнайы құжатқа қол қойған. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.