13 маусымда Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили министрлер кабинеті мүшелерімен келісе алмай отставкаға кетті. Ал ел астанасы Тбилисиде үкіметке қарсы демонстрация жалғасып жатыр.

50 жастағы Квирикашвили 2015 жылдан бері үкімет басқарған. Грузияда 31 мамырдан бері жаппай наразылық басталған. Демонстранттар өткен жылдың желтоқсанында екі жасөспірімнің өліміне қатысты шыққан сот шешіміне қарсылық білдірген. Көшеге шыққандар соттың әділ шешім шығармағанына және кінәлі адамдардың жазаланбағанына наразы болған. Олар премьер-министрдің отставкасын талап еткенімен, Георгий Квирикашвили қызметтен кетуден бас тартқан. 

Наразылық шарасы  6 маусымда басылғанымен, маусымның 10-ында қайта жалғасқан. Ертесіне полиция парламент ғимаратының шетіндегі шерушілерге кедергі келтіріп, оппозициялық саясаткерлер мен олардың жақтастарын ұстаған. 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.