Бішкек соты бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковтың қорғаушыларының Исаковқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту жөніндегі өтінішін қанағаттандырмады. Адвокаттар оны үйқамаққа ауыстыру жөнінде өтініш түсірген. Бішкек қалалық соты алдында шешім шығатын 13 маусым күні Сапар Исаковты қолдау акциясы өтті.

Осыған дейін Первомай аудандық соты Исаковты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) тергеу абақтысына қамау туралы шешім шығарған.

5 маусымда ҰҚМК Исаковты «Бішкек қаласында жылу электр станциясын модернизациялау» жобасын жүзеге асыру барысында жемқорлыққа барды деген айыппен ұстаған. Оған «Қырғызстан президент әкімшілігі жетекшісінің сыртқы саясат жөніндегі орынбасары қызметінде жүргенде, шетелдік компанияның мүддесін қорғады» деген айып тағылған.

Исаков өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. «Бұл — барып тұрған әділетсіздік. Айтарға сөзім жоқ», — деген Исаков журналистерге берген сұқбатында.

Бішкек жылу электр станциясын модернизациялау ісі бойынша қозғалған іс аясында Сапар Исаковтан бөлек Бішкектің бұрынғы мэрі Кубанычбек Кулматов пен Жогорку Кенештің Қырғызстан социал-демократиялық партиясынан (ҚСДП) сайланған депутаты Осмонбек Артыкбаев қамалған.

Қырғызстан социал-демократиялық партиясының жетекшісі, экс-президент Алмазбек Атамбаев партиялас үш серігі – Сапар Исаков, Кубанычбек Кулматов және Осмонбек Артықбаевты қамауды «коррупциямен күрес емес, кек алу» деп мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Атамбаев серіктерін қамауды «кек алу» деп атады

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.