Сондағы Сағынтаевтың айтқан сөзі… — Біздің премьер-министрдің бір әдеті бар. Сәл ашуланса, «мен президентке айтамын, бұл жайтты президентке баяндаймын» деп шығады. Баяғыда кішкентай балаларды жұбата алмай әлек болғандар «бабай келе жатыр» деп қорқытушы еді. Сағынтаевтың «бабайы» президент болды. «Бұл президенттің тапсырмасы еді», «Президенттен ұят болды», «Президенттің алдында не деп жауап береміз?» деп таусылып отырады. Ал қаржының уақытында игерілмей қалуының зардабын ең алдымен тартатын қарапайым халық емес пе? Ал Сағынтаев халықтан басын алып қашады.

Мәмбет Қойгелдиев. Ахмет Байтұрсынұлының туыстары мен жерлестерінің ісі — … Ірі байлардың мүлкін тәркілеуге байланысты байлардың бұл шараға қарсылық ұйымдастыруы қоғамда үрей мен шарасыздық туғызып, жергілікті тұрғындардың біраз бөлігін тәркілеу барысына кедергі жасау жолына салды. Бұл ретте әсіресе тұрғындардың Қытай жақ бетке ұйымдасқан түрде ағылуы шекара күзетуші әскерилермен қақтығысқа соқтырып, екі жақтан да адам шығыны орын алып отыр».

Балалар құқын қорғаудан Балиева босатылды — 1999 жылғы парламент сайлауынан кейін Зағипа Яхияқызының депутаттарға: «Қалай келгендеріңді ұмытпаңдар!» – деген сөзі ел ішіне лезде таралып кеткен-ді. Содан бері Зағипадан қалған сөз есепті әлі күнге қолданыста. Бұл тұрғыдан қарасақ, экс-уәкіл балалардың құқығын ғана емес, кезінде депутат атанғандардың да «құқықтарын» қорғаумен белсене араласқаны байқалады.

Аягөздің шенеуніктері жесірдің ақысын жеп жүр ме? — Осылай деп көз жасын көл еткен Әсел қазір жүйкесі әбден жұқарып, күйеуімен күнде ұрыс-керіске баратынын да жасырған жоқ. Сыз өткен үйде балалардың жағдайы да мәз емес: бір күн ауру, бір күн сау.

Егемендіктің мойнындағы есепсіз қарыз — Дегенмен, байқасаңыз, Қазақстан бұл күндері бір жаққа, дәлірек айтсақ Қытай жағына, көп қисаятын болып жүр. Екі ел арасындағы басты көрсеткіш экономикалық ынтымақтасу болса, қазір біз көкейін көп көрсете қоймайтын Қытайдың қойнына сүңгіп кеттік: сол жаққа сапарлатқанда шелегімізді елден жасырғанмен, айран сұрап барғанымыз білініп-ақ тұрады.

Қазақтардың Қытайға сіңірген еңбегінің қайыры бола ма? — Қандастардың бір бөлігі өмір бойы Қытайға қызмет етіп, зейнетке шыққан соң Қазақстанға оралып, бейнетінің зейнетін көре алмай жүр.  Бірақ зейнет жасына жетпей көшіп келгендердің арасында да зейнетақысына жете алмай зар илеп қалғандар бар.

Әлемдік деңгейдегі қазақ бапкері: Марат Жақиев — «Берік алғаш келгенде аяқпен сауатты ойнай алмайтын, – дейді Марат бапкер.  – Сосын соққы жұмсағанда денесі тырысып, еркін сілтей алмай жүрді. Бұл жағын түзедік.  Беріктің жүрегі таза. Жас боксшылар ашылып қалған сәтте  ұрып жібермей,  жұдырығының ұшымен сипап қана өтеді. «Неге ұрмадың?» десем, «Аға, өсіп келе жатқан бала ғой», – дейді мейірленіп. Мұндай қасиет жігіттің жігітінде ғана болады».

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.

Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.