Алматыда қамауда отырған бизнесмен Ескендір Ерімбетовке жаңа айып тағылды деп хабарлады Азаттық тілшісі. 14 маусымда Алматының Медеу аудандық сотында Ерімбетовтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша алғашқы сот тыңдауы басталды. Сотта адвокат Жанар Балғабаева Ескендір Ерімбетовке Қылмыстық кодекстің 190-бабы («алаяқтық») бойынша айып тағылғанын айтты.

Сотқа судья Тәкен Шәкіров төрағалық етіп отыр. Сот басталғанда Ерімбетовтің адвокаты Ерімбетовке қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш білдірген. Бірақ прокурор мен судья бұлтартпау шарасын өзгертпеу туралы сот бұған дейін шешім қабылдап қойғанын айтып, бұл өтініш сот барысында қаралатынын айтқан. Бірақ адвокат заң бойынша сот басталған соң бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш қаралмай қалатынын айтып, судьяға қарсылық білдірді.

Судья Төкен Шәкіров адвокаттар өтінішін қарауға сот залынан уақытша шығып кетті.

Сот басталатын кезде сот алдында Ескендір Ерімбетовтің бір топ жақтасы наразылық білдірді.

Судья айыпталушы тарабының сотқа журналистерді кіргізу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.