«Мектеп директорымыз несиеге машина алып бер деді»

2325

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Аққой ауылдық мектебінде жазғы каникул «қызықты» өтіп жатыр. 25 – мұғалімнің жиырмасы басшылары Жанар ЖАМАНДИНАНЫҢ үстінен шағым түсірген. Олар мектеп директорыны қызмет бабын асыра пайдаланып, алаяқтық һәм бопсалауға дейін барған дейді. Адамдарды жұмысқа алып, сол үшін айлықтарын өзі алып отырғандығын айтады.

«Жанар Жаманадина гардеробщица ретінде жұмысқа алғанда мынандай шарт қойды. Бес ай бойы  27 000 мың теңге  жалақыңды  маған беріп отырасың.  Алтыншы айдан бастап қана өзің аласың деді. Мен келістім.  Сосын ол мені өз кабинетіне шақырып алып, «мен кредитке машина алғалы жатырмын соған несие алып бер» деді. Бірақ менің қолымда студент балам бар оның ақшасын төлеу керекпін алып бере алмайтынымды ашық айттым» дейді Жанна ЗУЛПАХАРОВА.

Несие алып беруді ғана талап етпеген мектеп басшысы мұғалімдерден қарыз ақша алып келген. Ал, берген қаражаттарын сұрай бастағанда директор жұмыстан босатыласын деп қысым көрсеткен. Алты ай бойы  60 000 теңге қарызын ала алмай келе жатқан Базархан НҰРЖАН енді үндемеске шарам қалмады дейді.

«Менен қарызға 60 000 теңге алған. Сұрасаң, өзіңді жұмыс шығарамын. Барлығы менің қолымда дейді.»

Қоластындағы мамандарын ақша жинауға мәжбүрлеген басшыны мектеп қабырғасынан таппадық. Ол кенеттен аурухана жатып қалыпты. Алайда, ұялы телефонмен тілдестік. 2016 жылдың қараша айынан қызметке келген Жанар Жаманадина ұстаздардың айтып отырғандарын жоққа шығарады.

«Сырттан келгенмін. Менің үстімнен түсіп жатқан шағымдар жабылып жатқан жала.Бұны тоқтату керек деп ойлаймын. Бұл жағдай менің денсаулығыма әсер етіп, ауруханада жатырмын. Осыған дейін өзімнің мұғалімдерім ғой деп ешбір заң орындарына жүгінбеген едім. Енді ауруханадан шыққан соң мен де арызданамын. Несие алып бер деген де, бес ай жалақымды алып отырды дегендері де өтірік. Бұл жерде менің орныма таласушылар бар. Олардың көздегені менің креслом», — деді телефон арқылы мектеп басшысы.

Аталған оқиғаға байланысты Шет аудынының білім бөлімі жетекшісі Елдос СМАҒҰЛОВПЕН жүздестік. Ол да қызметтік тексерістің жүріп жатқанын айтты.

«Түскен арыз – шағымдар бойынша, мен мектеп ұжымымен кездесіп қайтқамын. Қазір тексеріс жұмыстары ұйымдастырылып, заң орындарына қағаздар жіберілді. Нақты заң органдарының құжаттары осы бір – екі күнде белгілі болады. Содан кейін шағымдарға қатысты жауап болады. Күтіп отырмыз», — деді шенеунік.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.