Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 14 маусымда Қазан қаласына барады. Бұл жайында Татарстан президенті әкімшілігінің ресми өкілі Лилия Галимова хабарлады. Назарбаевты мұнда Татарстан президенті Рустам Минниханов күтіп алады.

Назарбаев сапарын Қазан федералдық университетінен бастайды. Бұл жерде оған «Қазан университетінің құрметті докторы» атағы беріледі. Қазақстан президенті екі күндік сапарында республиканың тұңғыш президенті Минтемир Шаймиевпен де кездеспек.

Бұған дейін «Қазан университетінің құрметті докторы» атағын Рустам Миннихановқа беру туралы шешім қабылданған еді. Бірақ Галимова Минниханов «бұл атақты Татарстан президенті қызметін аяқтағаннан кейін ғана қабылдауға дайын» екенін хабарлаған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.