Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай ЖИЕНБЕКОВ Мәскеудегі футболдан басталған әлем чемпионатына қарапайым рейспен ұшты. Жеке ұшаққа жайғаспаған қырғыз лидері «Аэрофлот» авикомпаниясының қызметіне жүгінген. Бұл туралы Жас Алаш kaktakto.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

kaktakto.com сайтының тілшісі Марина СКОЛЫШЕВАНЫҢ жазуынша, президенттің қасында тек қана бір күзетшісі болған. Алайда, қауіпсіздік қызметінің өкілдерінің болу ықтималдығы да айтылады.

«Біздің қатарымызда мемлекеттік қызметкерлер көп болған жоқ. Сондықтан да қатардағы рейспен ұшуды шештік», — деді Жиенбековтың баспасөз хатшысы Толғанай СТАМАЛИЕВА.

Қырғыз президенті әлем чемпионатына қатардағы рейспен аттанды

Сонымен қатар Қырғыз Республикасы басшысының қасында президент аппаратының қызметкерлері, Жээнбековтың жеке фотографы мен видеооператоры болған. Ресей мен Сауд Арабиясының ойынынан кейін Сооронбай Жиенбеков Ресей президенті Владимир ПУТИНМЕН кездеседі. Бұл ресми сапарда Мәскеудегі қырғыз диаспорасымен жолығуда жоспарда бар. Қырғыздың микро-делегациясы көп аялдамсай Бішкекке қайтады.

Айтпақшы,  көршілес елдің президентінің қоғамдық әуе транспортымен ұшуы бірінші рет емес. 2018 жылдың 14 сәуірінде жеке шаруасымен көпшілікпен бірге Ош қаласына ұшқан еді.

Фото: kaktakto.com, sputnik.kg

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.