Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — 2017 жылдың 11 қарашасында Павлодар мұнай-химия зауытынан 163 тонна К4 экологиялық класты АИ-92 бензинінің бірінші партиясы алынып, Алматыға жөнелтілді деп хабарлайды Kmg.kz сайты. 

Отынның сапасы Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы берген «Кеден одағының сәйкестік туралы декларациясымен» және «ПМХЗ» ЖШС зертханасымен аккредиттелген «АИ-92-К4» автомобиль бензиніне арналған өнім паспортымен» расталды.

ПМХЗ-да жаңа өнімнің бірінші партиясын шығару «ПМХЗ» ЖШС қайта құру және жаңғырту» жобасының мотор отындарының сапасын Кеден одағы Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4 және К5 экологиялық кластарына дейін жақсарту бойынша негізгі мақсатына қол жеткізудің нәтижесі.

Зауытты жаңғырту жобасының аясында салынған жаңа жобалық қуаттар мен қондырғылардың іске қосылуына байланысты жоғары октанды бензиндер өндірісі жылына 1 081 мың тоннадан  1 492 мың тоннаға дейін (1,4 есе) ұлғаяды. Бұдан басқа Jet A1 халықаралық стандартты авиаотын өндірісі қамтамасыз етілетін болады.

8 қарашада Павлодар мұнай-химия зауытының директоры ауысқан еді.

Запись Павлодар МХЗ 164 тонна АИ-92 бензинін Алматыға жөнелтті впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.