«Әблязов арандатушы»

2387

Қуғындағы саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВПЕН күреске белгілі балуан Руслан ӘБДРАЗАҚОВ шықты. Қазақ күресінің шебері facebook.com әлеуметтік желісінде видео мәлімдеме жасаған.

«Кейінгі кезде Әблязов пен көк шар тақырыбы құлаққа жауыр болды. Бір нәрсені түсінбеймін. Youtube ашсаң болды ішінде Әблязов, көк шар, ДВК. Бұл біздің қазақ халқына жат нәрсе. Керек емес нәрсе деп ойлаймын. Өздеріңіз көріп отырсыздар ұрлық-қарлықпен жиған-тергенін шетелге алып қашып қазақ бауырларға камераның арғы жағында отырып алып ақыл айтып отырады. Бұндай адамды халқымыз қашанда тезге салып отырған», — деді Руслан балуан.

Сондай-ақ, белгілі спортшы саясаткерді арандатушыға теңеп, оған ермеу керектігін де ескертті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мұхтар Қабылұлына айтыскер Ринат ЗАЙЫТОВ қарсы шыққан еді. Айтыскер Youtube өзінің желісіне шығып экс-банкирмен «айтысқан» болатын.

Фото: facebook.com

 

 

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.