Еркелеп аққан Есіл өзенінің сағасында үлкенді кішілі ауылдар жетіп артылады. Сол ауылдардың ішіндегі бірегейі Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты «Родина» ауылы. Осы ауылдың аты аталғаннан дәмі ауыздан айырғысыз сүт өнімдері еске түсе кетеді. Астана қаласын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған аядай ғана ауылдың атағы аспандап тұр.

Ауылдағы зоопарк
«Родина» ауылы

1800 тұрғыны бар «Родина» ауылынан керектінің бәрін табасың. Ауылда орталықтандырылған су, кәріз, жылу жүйесі бар. Жанға керектінің бәрі табылатын  ауылдан тұрғындардың да кеткісі жоқ. Білім қуып, арман іздеп қалаға кеткен жастардың өзі туған жерге қайта оралып, қызмет етуде. Ауылдағы бір ғана қиыншылық дәрігер мамандардың жетіспеушілігі. Халқының басым бөлігі өзге ұлт өкілдерінен тұратын алақандай ауылды бірқатар қауым танып білуде. Жылына жүздеген саяхатшы келетін бұл ауыл туристік мекенге айналып бара жатыр.

Ауылдағы зоопарк
«Родина» ауылының тұрғындары

«Ауылымыздың тыныс тіршілігімен танысуға Қазақстанның өзге аймақтарынан бөлек, алыс жақын шет мемлекеттерден жылына 100-ден аса саяхатшы келеді. Біздің де мақсатымыз, жалпы осындай демалыс орындарын ашудағы ой — халыққа, жалпы адамзат баласына табиғатты қорғау басты міндет екенін ұғындыру. Сол арқылы өзімізді тәрбиелейміз әрі отандық туризмді дамытуға аз да болса үлес қосып келеміз», — дейді Андрей ВЕРЕВКИН «Родина» АФ ЖШС директорының орынбасары.

Ауылдағы зоопарк
Пони мен жылқы

Келген туристерді қызықтыратын бір мекен бар. Ол ауылдағы хайуанаттар бағы. Зоопаркте 8 пони, 4 бұғы, 3 қодас бар бүгінде. Жануарлардың барлығы Солтүстік Қазақстан облысынан әкелінген. Ауылда осындай хайуанаттар паркін ашуды ең алғаш Геннадий ЗЕНЧЕНКО ойлап, сол идеяны жүзеге асырды.

Ауылдағы зоопарк
Қодастар

Бүгінде осы зоопаркті он жылдан бері өзі басқарып келеді, қарамағында 4 адам жұмыс істейді. Хайуанаттар бағына жануарларды тамашалау үшін балабақшадағы балалардан бастап, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары қуана-қуана  келеді.

Ауылдағы зоопарк
Еліктер

Зоопарк қызметкерлері шағын бақты әлі де кеңейтпек ойда. Өнегелі ауылдың бұл дамуы өзге аймақтарға үлгі боларлықтай. Қазақстанның әр өңіріне осыншама көңіл бөлінсе туризмі дамыған алдыңғы қатарлы елге айналар ма едік кім білсін?!

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.