Сириядағы соғыс аймағынан Грозныйға жеткізілген Қазақстанның бес азаматы таяу уақытта отанына жеткізіледі деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрллігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Астанада үкімет жиынынан соң журналистерге комментарий берген Жайнақовтың айтуынша, Орал қаласының тұрғыны — 1988 жылы туған туған әйел мен оның төрт баласы басқа бір топ ресейліктермен бірге 13 қараша күні кешке Грозныйға арнайы рейспен жеткізілген.

«Оларды Грозный әуежайында Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкерлері күтіп алды. Әйелдің үлкен баласының жасының 5-те — 2012 жылы туған, кіші баласы жасқа толмаған» деген Жайнақов қазақстандықтарға қатысты басқа ақпарат бермеді.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 13 қараша күні кешке Сириядағы соғыс аймақтарынан Ресейдің 34 азаматы, бес Қазақстанның бес азаматы мен Өзбекстанның екі азаматы — барлығы 41 әйел мен баланың Грозныйға жеткізілгенін хабарлаған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.