Жапонияның батысындағы Осака қаласында 18 маусым күні жер қатты тербеліп, кем дегенде үш адам қаза тапты, ондаған адам жараланды.

Kyodo агенттігінің хабарлауынша, жүз бассейні кешенінің қабырғасы тоғыз жастағы қызды және шамамен жасы сексендегі екі ер адамды басып қалған.

Жергілікті билік өкілі бірнеше ғимарат қирап, үйлердің терезелері сынғанын хабарлады. Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінің қуаты 6,1 магнитуданы құрады, зілзала жердің 10 километр тереңдігінде болды.

Жер сілкінісі таңертеңгі қарбалас сәтте болып, одан Осака метросының инфрақұрылымы қирады. Сарапшылар жүрдек пойыз желілері зақымданғанын растап отыр. Шенеуніктер мәліметінше, зілзала ядролық реакторларға әсер етпеген.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.