Көкшетауда комуналдық қызмет мамандары тұрғындардың жылу құбырларын кесіп, су құбырларын бітеп жатыр. Себебі, қалалықтар коммуналдық төлемге  белшесінен қарыз. Жылу мен суды қоса  есептегенде, олардың қарызы 460 миллион теңгені құрап отыр. Тіпті,  араларында бірнеше жылдан бері төлем төлемей, қарыздарын қарызға жалғап жүргендер де бар.

Көкшетаулықтар жылу мен суға 460 миллион қарыз

Бетін жасырғысы келген  мына азамат (1-фотоғы) жылудың ақшасын 3 жыл төлемепті. Қазір оның мойнында сексен мың теңгеге жуық берешегі бар. Бастапқыда «ақшам жоқ» деген ол батарейін қиюға келген маманнан сескенді ме,әйтеуір, 3 жылдық қарызын жарты-ақ сағатта тауып берді. Бір қызығы, хан сарайындай зәулім үйлерде тұратындардың арасында да  төлемдерін бермейтіндер бар.

Көкшетаулықтар жылу мен суға 460 миллион қарыз

Айталық, мына үйдің иесі (2-фото) жылу үшін қыс бойы төлемей, екі жүз мың теңге берешек болып отыр. Талай рет ескерту жасаған «Көкшетау жылу» мамандары бұл жолы аяушылық танытпады.

Көкшетаулықтар жылу мен суға 460 миллион қарыз

«Көкшетау қаласының абоненттері жылуға 298 млн теңге қарыз. Осы уақытқа дейін 43 мекенжай жылудан ажыратылды»,  –  дейді  «Көкшетау жылу»  ШЖҚ МКМ филиалының директоры  Самат СМАТАЕВ.

Айта кетерлік бір жәйт, жылу құбырлары кесілген үйлерде құбырларды қайта жалғап, қостыру үшін  қарызын екі еселеп төлейтін болады.Бұдан бөлек, көкшетаулықтардың суға қарызы 140 миллион теңгені құрап отыр. Қарыздарын айлап төлемеген тұрғындар орталықтандырылған суық су жүйесінен ажыратылуда. Күні бүгінге дейін 5,1 млн. теңге қарызы бар 158 пәтер судан ажыратылды.

Көкшетаулықтар жылу мен суға 460 миллион қарыз

«Мұндай қадамға баруымызға тұрғындардың өздері кінәлі. Жағдайын айтып келгенде түсіністік танытамыз. Алайда,  тұрғындар мұны басқаша қабылдап, төлеумеуге дейін барып жүр», – дейді «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКМ су тұтыну және есепке алу бөлімінің басшысы Әсел ЕСЕНҒОЖИНА.

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.