18 маусымда Қырғызстанда елдің бұрынғы премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиев ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитеті хабарлады. 

Сатыбалдиевке Бішкектегі Жылу электр станциясын (ЖЭС) модернизациялау ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында «сыбайлас жемқорлық» айыбы тағылған. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

Осыған дейін Бішкек ЖЭС ісі бойынша экс-премьер Сапар Исаков,  Бішкектің бұрынғы әкімі Кубанычбек Кулматов және парламент депутаты Осмонбек Артықбаев ұсталған. Қазіргі билік оларды Қытайдан алынған несие есебінен «Бішкек қаласының жылу энергетикалық станциясын (ЖЭС) жаңғырту» жобасымен байланысты коррупциялық қылмыстарға қатысы бар деп айыптайды. Қамалғандар өздеріне тағылған айыптарды теріске шығарады.

Ал елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаев бұл қамауларды «кек алу» деп атаған. 

Сатыбалдиев 2012-2014 жылдары, Исаков 2017-2018 жылдары Қырғызстан премьер-министр болған. Екеуінде бұл қызметке Атамбаев тағайындаған.

                

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.