Есімовтей ер қайда — Ахметжан Есімов бәрін біледі екен… «Отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі» атты форумда ол біраз нәрсені айтып-айтып тастады. Ойпырым-ай, жаман айтты-ей… Бәрі төмен қарап, ұялып отырып қалды. Сонда не айтты дейсіз ғой?

Бүгінгі ислам саяси өзгеріске жетелей ме? — Бүгінде әлемдегі терроризмді қаржыландыратын ең ірі әрі бай мемлекет – Сауд Арабиясы. Жанкешті лаңкестердің көпшілігі сіңірі шыққан кедей отбасыларынан емес, орта кластан шыққан. Сондықтан мұндай адамдарды осындай қадамға итермелеп азғыратын моральдық деградация – авторитарлық елдерде ғана пайда болатын құбылыс. Бірақ бұл Қазақстандағы қайсыбіреулер Батыстағы феминизм мен гомосексуализмді «азғындау» деп жүргендей, моральдық деградация емес. Біз бастан өткеріп жатқан моральдық іріп-шіру шынайы, нақты нәрсе.

Зәуреш Батталова: Мерзімінен бұрын сайлау өтетін түрі бар — Қысқасы, егер мәслихат депутаттары партиядан сайланатын болса, олар бүгінгі мәжілістің жергілікті жерлердегі кішігірім нұсқасына айналмақ. Яғни таза партиялық адамдардан құралған, партиясыз адамдармен мүлде байланысы жоқ кеп құшады. Тағы бір ескеретін нәрсе, әр аймақтан екі сенаторды мәслихат депутаттары сайлайды.

Мұғалімдер де ҰБТ тапсырды… нәтиже мәз емес! — Ұлттық тестілеу орталығы берген мәлімет бойынша, әу баста біліктілігін тексеріп көруге өтініш берген 60,4 мың мұғалімнің 56,9 мыңы ғана қатысқан. 5000-ға жуық мұғалім соңғы сәтте қатысудан бас тартқан. «Бас тартқан» деген сөзді бұл жаңа ұсынысқа қарсы шығу мағынасында қолданып отырған жоқпыз. Себебі Ұлттық тестілеуге қатыспаған бір мұғалім «бар-жоғы 9 сағатым бар, мен бұл тестіні тапсырғаныммен де, келіп-кетер пайда аз» деді. Сөйтсе, әлгі категориялар бойынша қосылатын ақша мұғалімге тиесілі сағаттардың санына байланысты екен.

Алаяқтық асқынып тұр — Мақтаарал ауданында жұртты жұмысқа тұрғызып беремін деп, 5 миллион теңгені қалтасына басқан алаяқ жігіт ұсталды. Аудандық ішкі істер басқармасына ондаған адам арызданып, әлдебір  ер-азаматқа алданып қалғандарын айтқан. Алаяқ өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, «жұмысқа тұрғызып беремін» деп, тұрғындардың ірі көлемде ақшасын алып кеткен.

«Шүкірден» шаршаған жоқпыз ба?..Құлдық психологияға көндігу – рухсыздықтың белгісі. Билік салып берген «сара жолмен»  жүру, оның оң-терістігіне пікіріңді қоса алмау – құлдыққа бағыну. Ол жерде «мен» дегенді ойланудың өзі күпіршілік болар еді.

Комиссия жұмысында келеңсіздік көп — Маған еліміздегі (әдебиет саласында) Мемлекеттік сыйлық беру тәртібі, дұрысында, қолданыстағы іс-дағдысы ұнамайды. Байқаймын, оған талайдың іштей наразылығы бар. Сондықтан мұны ортаға салар уақыт жеткен сияқты. Шындап келгенде, қазіргі айтпағым, бұдан 10 жылдан астам ілгеріде  «Әдеби қор жаршысы» газетінің 1996 жылғы 4-санында «Көзқарас» айдары астындағы оймақтай ғана жерде «Мемлекеттік сыйлық хақында»   деген тақырыппен көтерілген-ді.

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.

Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.