Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы жарлық шығарды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» заңының 3-бабы 1-бөліміне сай Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болатынын, ал Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгені туралы жарлығын жариялады.

Президенттің айтуынша, ресубликалық маңызы бар қала мәртебесін алған Шымкент әкімшілік бірлігі елдегі он жетінші аймақ саналады. 

Оқи отырыңыз: Облыс орталығы болар Түркістандағы қазіргі өмір

Назарбаев Түркістан қаласында жаңа әкімшілік функцияны сапалы түрде жүзеге асыратын барлық мүмкіндік барын айтып, қабылдаған шешімінің тарихи мәні барын мәлімдеді.

 

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.