Маңғыстау облысы Шетпе кентінің тұрғыны, «кәмелетке толмаған қызды ұрлады деген күдікті 21 жастағы ер адамның үстінен қылмысты іс қозғалды деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетпелік тұрғын биыл сәуірде Шетпеде тұратын 15 жастағы қызды «үйлену мақсатында» алып қашқан. Бұл факті бойынша «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы басқа да әрекет жасау» бабымен іс қозғалған.

Полицияның мәліметінше, күдікті мен алып қашқан қыз екі ай бірге тұрған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.