Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев іс басындағы президент Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы сайлауға түссе, одан Қазақстан «ұтатынын» мәлімдеді.

Абаев бұл жайында Астанада сенат отырысынан соң парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент Нұрсұлтан Назарбаев «2020 жылы сайлауға қатыспауы мүмкін деген пікіріне орай айтты.

«2020 жылға дейін әлі ұзақ уақыт бар. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, шешімді мемлекет басшысының өзі ғана қабылдайды. 2020 жылы сол кезге қарай қалыптасқан жағдайға қарау керек болады. Меніңше, мемлекет басшысының саясатта, экономика мен халықаралық істердегі мол тәжірибесін, халықаралық деңгейдегі беделін ескерсек, Қазақстан оның (Назарбаев — ред) президент сайлауына түскенінен тек ұтады» деді министр.

Қасым-Жомарт Тоқаев BBC телеарнасының Hard Talk бағдарламасына сұхбат беріп, Назарбаевтың билікте ұзақ отыруын «тұрақтылық белгісі» деп атаған. «2020 жылға дейін билікте болады. Кейін сайлауға түсем десе, өзі шешім қабылдайды» деген Тоқаев Назарбаев туралы.

Оқи отырыңыз: «Назарбаев 2020 жылы сайлауға түседі деп ойламаймын»

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.