Өзбекстан президенті Шавхат МИРЗИЕЕВТІҢ әкесі Мироман МИРЗИЕЕВ 1700-ге жуық адамды туберкулезден емдеп, жазған деп хабарлайды Upl24 басылымы.

Мироман Мирзиеевтің бұл мамандықты таңдауы кездейсоқтық емес екен. Анасы жас кезінде сүйек түберкулезінен қайтыс болған. Осы қайғылы жағдайдан кейін Мироман Мирзиеев Самарқан мединститутына оқуға түсіп, 1953 жылы бітіріп шығады. Оқуды енді бітірген дәрігер Жазақ облысындағы өзінің туған ауылына оралып, аудандық ауруханада физиатр болып жұмыс істей бастайды.

БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, осыған дейін бірде бір туберкулезден емдейтін бөлімі болмаған ауруханада 25 адам жататын бөлім ашылған. Сол кез үшін өте қатерлі саналған дертпен ауыратындарды таситын жеке көлік те болмапты. Алдымен, инфекция таралмауы керек деп туберкулезбен ауыратын науқастарды оқшаулауды шешкен жас дәрігер көп ұзамай УАЗ көлігіне қол жеткізеді. Тағы бір қызығы осы Зомин ауданына заманауи рентген аппараты өзгелерден бұрын келеді. Тіпті, орталық аймақтардың өзінде жоқ аппаратты аудандық ауруханаға әкелуге ықпал еткен де осы Мироман Мирзиеев екенін жерлестері мақтанышпен айтады.

Бірақ, мұнымен тоқтап қалмай, денсаулық сақтау министріне шығып, аймақтардағы туберкулезден зардап шегіп жатқан елдің жайын түсіндіреді. Осыдан кейін 1974 жылы аудандар мен қышлақтар жаппай мед.тексерістен өтеді. Медкомисся 7 жас пен 70 жастың арасындағы 1700 науқасты анықтайды да, республикалық тубдиспансерге жатқызып, емдейді. Мироман Мирзиеев өзінің араласуымен дер кезінде ажалдан аман қалған бұл науқастардың емделу курсын бастан-аяқ өзі қадағалап отырған көрінеді.

Фото: Upl24

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.