Бәкиевтың берген ауызашары қабыл бола ма? (видео)

903

Қырғыз Республикасының қашқын экс-президенті Құрманбек БӘКИЕВТЫҢ берген ауызашарын сынаушылар әлі тоқтар емес. Сырттай 25-жылға сотталған ол президент кезінде мемлекетті отбасымен басқарып, авторитарлық режимді күшейткен.

Ауызашарға жиналған жұрт

kaktus.media сайтының жазуынша Құрманбек Бәкиев 2-ші маусым күні Мәскеу қаласында ауызашар берген. Ифтарға Ресейде еңбек етіп жүрген қырғыз миграттары шақырылған. Сайттың ақапартына сүйенсек 500 жуық қырғыз азаматы Бәкиевтердің дастарханынан дәм татқан. Алайда, шараға Құрманбек Сәлиұлы қатыспады.Ауызашарда Жаныш БӘКИЕВТЫҢ ұлы Асылбек СӘЛИЕВ болды. Айтпақшы, Мемлекеттік күзет қызметінің экс-төрағасы Жаныш Бәкиевте өз елінде сырттай сотталған.

Асылбек Сәлиев

Құрманбек Бәкиевтың жақтастары бұл шарадан ешбір саяси астар іздеудің қажеті жоқтығын айтқан-ды.

Алайда, Кирнет ауызашар берген отбасын да, оған келгендерді де сынға алды. «Ол өзі не жоспарлап жүр? Мемлекеттен ұрлап алған ақшаға ауызашар береді.Қырғыз халқының намысы қайда? Ұрының қолынан тамақ ішуге бола ма?», — деп жазды әлеуметтік желіні қолданушылардың бірі.

Құрманбек Бәкиев бұндай ауызашарды үш жылдан бері беріп келе жатыр. Қабыл бола ма екен?

Фотолар: kaktus.media, sputnik.kg

 

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.