Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында қазақ жерінде орта ғасырлардан бері соғылып айналымда болған ақша түрлері мен Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басылған теңгелер көрмесі ашылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Мұражай директоры Нұрболат Ахметжановтың айтуынша, көрмеге мұражай қорында сақталған, Самарқанда Шыңғыс хан есімі таңбаланып соғылған алтын динар, сонымен қатар Қазақ хандығына қатысты осы уақытқа дейін белгісіз болып келген тың дерек —  Жәңгір хан тұсында соғылған мыс ақша да қойылған.

Көрме бір айға созылады.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.