Жаңадан құрылған Түркістан облысының әкімі Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ алғашқы кадрлық тағайындауларын жасады. Облыс әкімі өзінің бірінші орынбасары Әліпбек ӨСЕРБАЕВТЫ Түркістан қаласының әкімі етіп тағайындады. Әліпбек Шәріпбекұлы осыменен Түркістанға үшінші мәрте әкім болды.

Ә.Өсербаев алғаш рет  Түркістан қаласының әкімі болып 2012 жылы тағайындалған. Бұл қызметті екі жыл атқарған ол облыстық индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы болды. 2014 жылы Түркістанның әкімі лауазымына екінші қайтара тағайындалды. Ал былтыр жыл соңында қызмет еткен жерінде іскерлігімен көзге түсіп жүретін Әліпбек Өсербаевты Ж.Түймебаев өзіне бірінші орынбасар етіп алған еді.

Сірә, бір өңірге қатарынан үш рет әкім болған шенеунікті кездестіру қиын. Әліпбек Өсербаевты әкімдердің рекордын жаңартты десек те болатын шығар.

Түркістан облысында орталықты Шымкенттен Түркістанға көшіру үшін дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Кешегі күні облыстық мәслихаттың сессиясында сөз сөйлеген Ж.Түймебаев мәслихаттың келесі отырысы Түркістан қаласында өткізілетінін айтты.

Фото автордікі.

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.