Астананың туған күніне 938 миллион 164 мың теңгеге субұрқақ салып берем деп жар салған Шығыс Қазақстан облысында өз субұрқақтары суалып тұр.

Былтыр 2017 жылы Семей қаласындағы бюджеттен Ертістің оң жаңалауындағы субұрқақты қайта жөндеуге 340 миллион теңге бөлген.Қазір мамыр тұрмақ маусымның ортасынан асса да сатылы су бұрқақтың іске қосылар түрі жоқ. Анығында субұрқақтан екі-үш күн бұрын судың орнына шу шығып, ел емес, шенеунік біткен соның басында «шұрқырай табысты». Су бұрқақтың су жүретін жолдары қапталған плита асты бос, одан қалса, жарылып кеткен. Жанына орнатылған балалардың ойын алаңының жиегіндегі кірпіштер қопарыла құлап жатыр. Тоқетерін айтқанда, тиісті жұмыс толық бітпегені өз алдына өте нашар жүргізілген.

«Барлық ескертпелерді хаттап мердігер компанияға беретін боламыз. Келісім шартқас ай өз жұмысына кепілдік берген. Сондықтан да өз есебінен субұрқақты жқндеп беруі тиіс. Олай істемеген жағдайда сот арқылы жасатамыз», — деді Семей қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастығы Амантай ӨТЕЛБАЕВ.

Ал жұмысты атқарған «Жаса» ЖШС директорының орынбасары Аслан ТҮМЕНБАЕВТЫҢ өз айтары бар.

«Сатылы субұрқақ плиталары жобада көрсетілгендей керамикалы-гранитті материалдармен жабылған. Шын мәнінде субұрқақ істеп тұр. Оны қала әкімінің өзі де көрді. Былтыр күзде оны пайдалануға бергенде қаланың ТҮКШ басшысы Марат ӘЛЕНОВ қана емес, орынбасары Амантай Өтелбаев та, тіпті, әкімнің өзі де көрді, қабылдауда болды. Ал мұндағы орын алған кейбір жағдайларға ауа- райы себеп.Күз бен қыста күннің суығында қатып тұрған плиталардың асты күн жылынған кезден бастап топырағы ұстамай босап кетуі мүмкін екенін, ондай болған жағдайда келіп жөндеп беретінімізді айтқан болатынбыз. Соған сәйкес жұмыстарды жасап жатырмыз», — дейді А. Түменбаев.

Әкімдік қабылдап алғаннан кейін субұрқақтың күтіміне Семейдің «Зеленстрой» мекемесі жауапты болған екен. Мердігердің айтуынша, олар нысанға салғырт қараған.

Фото автордікі. 

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.