Бүгін парламент сенаты аппаратының бұрынғы басшысы Ержан ӨТЕМБАЕВ дүниеден өтті. Бұл туралы Telegram-да Талғат ҚАЛИЕВ хабарлады.

2006 жылы Ержан Өтембаев 20 жылға сотталған еді. Сот оны саясаткер Алтынбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ мен оның екі көмекшісін өлтіруге тапсырыс берді деп үкім шығарған-ды.Сол кезде Ержан Өтембаев президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТАН кешірім сұрағаны болмаса, өзіне тағылған ауыр айыпқа қатысты сот процессі кезінде бір ауыз сөз айтпаған болатын.

2013 жылы Бас прокуратура саясаткерді өлтіру туралы тапсырысты орындаған Рустам ИБРАГИМОВТЫҢ  нағыз тапсырыс берушіні атағанын жариялаған. Рустам Ибрагимовтың  оппозициялық саясаткерді өлтіруге Рахат ӘЛИЕВ пен ҰҚК-нің бұрыңғы басшысы Әлнұр МҰСАЕВ тапсырыс берді деген мойындауы ақпарат кеңістігінде лезде тарап кеткен.

2014 жылы Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Өтембаевтың ісі қайта қаралып, артынша ол мерзімінен бұрын босап шыққан еді.

Фото: azh.kz

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.