Бүгін таңертең Атырау әуежайына Түркияның Pegasus компаниясының ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болған. Қазақстан азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, ұшақтағы 190 жолаушы мен экипаждың алты мүшесінен ешкім зардап шекпеген.

Ресми орган таратқан ақпаратта Новосибирск (Ресей) – Анталия (Түркия) бағыты бойынша жолаушы апара жатқан Boeing 737 ұшағы Астана уақытымен сағат 10:03 кезінде шұғыл қонуға рұқсат сұраған. Ұшақ Атырау әуежайына сағат 10:20 кезінде қонған.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда, ұшақтың шұғыл қонуына қозғалтқыштарының бірінің істен шығуы себеп болған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.