Ресей футболшылары допинг қолданған ба?

874

Ресей ұлттық құрамасы футболшыларының 1/8 финалға шығуы кейбір халықаралық ұйымдардың көңіліне күдік ұялатса керек. Америкалық  допингіге қарсы USADA агенттігінің басшысы Трэйвис ТАЙГАРТ орыс футболшыларын тексеру керектігін мәлімдеді. Бұл туралы «Жас Алаш» британиялық басылым  Telegraph-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Әлем чемпионаты әділетті түрде өтіп жатқаны туралы қоғамда сенім тудыру үшін, Ресей ұлттық құрамасын ыждаһаттықпен тексеру керек. Жақсы нәтиже көрсетіп жатқандарды жиі тексеріп тұрған абзал», — деген Трэйвис Тайгар.

Ресей ұлттық құрамасының дәрігері Эдуард БЕЗУГЛОВ жарыс кезінде ойыншылардың допинг-сынамасын өткізгенін хабарлады.

«Қазір біздің футболшылар жігерленіп тұр. Бүкіл мемлекеттің қолдауын және қосыңыз. Неге Англия құрамасы аз жүгіреді? Оны өздерінен сұраңыздар.Біз өткен жылы да тез жүгірдік. Биыл ойнымызға динамика қостық»,- деді дәрігер championat.com сайтының тілшісіне.

Эдуард Безугловтың айтуынша, Ресей құрамасы үш бірдей ұйымға сынама тапсырады екен. Олар: УЕФА, ФИФА и РУСАДА.

Естеріңізге сала кетейік, Станислав ЧЕРЧЕСОВ жаттықтыратын ұжым алғашқылардың бірі болып 1/8 финалға жолдама алды. Сауд Арабиясы мен Египет футболшыларын оңай жеңген алаң иелері бүгін Уругвай құрамасымен кездеседі. Әлем чемпионаты басталмай жатып көптеген футбол мамандары, жанкүйерлер Ресейді топтық кезеңнен шықпай қалады деп болжам жасаған болатын.

Фото: ria.ru

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.