АҚШ президенті Дональд Трамп заңсыз мигранттарды елден сотсыз депортациялап жіберу қажет деп санайды. Бұл жайында ол Twitter-де жазды. 

«АҚШ елге келгісі келетіндердің барлығын қабылдай алмайды, сондықтан олар жеделдетіп келген жағына сотсыз кері қайтарылуы тиіс», — деп жазды Трамп.

Президент Трамп әлеуетті мигранттарды біліктілігі бойынша іріктеп алатын иммиграцияның «баллдық» жүйесі туралы тағы да айтты. «Біздің қазіргі жүйеміз сауатты иммиграциялық саясат пен құқықтық тәртіпті пародия жасауға ұқсайды» деді АҚШ президенті. 

Ақ үй әкімшілігі бұған дейін заңсыз мигранттарды міндетті түрде қылмыстық жауапқа тарту және сот кезінде оларды балаларынан ажыратуды қарастыратын өз жарлығын жойған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 20 маусымдағы есеп бойынша, екі мыңнан астам бала ата-анасынан ажыратылған, 522 бала ата-анасына қайтарылған.

Трамптың жаңа жарлығы бойынша, балалар мен ересектер арнайы бір орында ұсталады. Бірақ жарлықта отбасыларды қайта қосудың мерзімі, я олардың сот кезінде қосыла алатыны туралы айтылмаған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.