Қазақстан президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жиені Венера РАХАТҚЫЗЫ тұрмыс құрды. Бұл туралы Жас АЛАШ zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Екі ұлдың ортасында өскен Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ жалғыз қызы 22-жастағы Дәлен ШАЙЖҮНІСОВҚА тұрмысқа шығыпты. Той Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйінде өткен. Биыл он сегізге келген Венера студент. Анасы өткізетін қайрымдылық шараларға ат салысады. Тойға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара АЛПЫСҚЫЗЫ келген. Атасы мен әжесі жастарға ақ батасын беріп, той қазақтың салт-дәстүрімен өтіпті.

Венера Назарбаева тұрмысқа шықты

Тойда ресейлік танымал әнші Филипп КИРКОРОВ және Қайрат НҰРТАС өнерін көрсеткен. Сондай-ақ, белгілі меймандар арасында даңқты боксшы Генадий ГОЛОВКИН да болыпты.

Венера Назарбаева тұрмысқа шықты

Айтпақшы, Венера Назарбаевда да анасы сынды ән өнеріне жақын. Анасы талай ән салған «Алматы менің алғашқы махаббатым» ретро-фестивалінде Бритни СПИРСПЕН ән шырқаған.

Тойдың суреттерін жас келіннің ағасы Нұрәли ӘЛИЕВ Instagram желісіне салған.

Фото: zakon.kz

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.