Бурабайлық полицейлер 1,5 млрд теңгені ақтай ала ма? Осынша қаржыға курорттық аймақ саналатын Бурабай ауданында үш қабатты үлкен полиция бөлімі ашылды.

Бурабайлық полицейлер 1,5 млрд теңгені ақтай ала ма?

Соңғы технологиямен жабдықталған ғимаратта 150 кабинет, үлкен және кіші мәжіліс залдары, асхана бар. Тіпті, спортзал мен тир бөлмелері де салынған.

Бурабайлық полицейлер 1,5 млрд теңгені ақтай ала ма?

Бөлім ғимаратының аумағында сондай-ақ, уақытша ұстау изоляторы, көлік қоятын бокс және бақылау-өткізу пункті жұмыс істейтін болады. Саптық жаттығумен айналысуға да мүмкіндік қарастырылған.

Бурабайлық полицейлер 1,5 млрд теңгені ақтай ала ма?

Бөлімдегі қызметкерлер үшін су жаңа 20 қызмет көлігі сатып алынды. Ал, баспанасыз жүрген 100 тәртіп сақшыға бөлім ғимаратының маңынан көп қабатты үйдің пәтер кілттері табыс етілді.

Бурабайлық полицейлер 1,5 млрд теңгені ақтай ала ма?

«Төрт жылдан бері Бурабай аудандық ІІБ қызмет етемін. Қазақстан полициясының 20 жылдығына орай үш бөлмелі пәтерге ие болдым. Мен секілді жас жанұялар үшін бұл үлкен қуаныш. Бағыма орай, жаңа әрі кең пәтерге ие болып жатырмын », – дейді жас полицей Азат Жақыпов қуанышын жасыра алмай.

Бурабайлық полицейлер 1,5 млрд теңгені ақтай ала ма?

Бурабай курорттық  аумағында 30 аттан  жасақталған тәртіп сақшылары қызмет ететін болады.Олар автокөлік жүре алмайтын орманды және таулы  жерлердің тыныштығын күзететін болады. Аттарды күтіп баптау үшін ғимарат аумағында соңғы үлгідегі ат қоралар да салынған.

Бурабайлық полицейлер 1,5 млрд теңгені ақтай ала ма?

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.