Тоқаев неге құбылды? — Сенсациялық сұхбаттан кейін «келесі президент сайлауына Н.Назарбаев түспесе, кім түседі? Тоқаев айтқан жаңа кандидаттар кімдер?» деген заңды сұрақ туған. Осы сұрақты қою үшін сенат дәлізінде Тоқаевтың алдын кес-кестеген тілшілерге оның айтқаны мынау болды: «Бұл менің сұрағым емес. Бұл мүлдем басқа сұрақ. Мен өз сөзіме жауап беремін. Мен Қазақстанда халықаралық аренада беделі жоғары президент барын айттым. Оны халықтың түгелге дерлігі қолдайды. Сондықтан, меніңше, сұхбатта айтылғандардан драма жасаудың қажеті жоқ».

Бибігүл ИМАНҒАЗИНА:

Келеңсіздіктермен күресуден танбаймын — «Атымнан ат үркеді», «Мен президенттің қабылдауында болғанымда» деп бөсіп жүрген Дулат Исабековтің халықтың алдына шығып ақыл айтқанын естіген сайын, бар шындықты «Тауқыметіме» кіргізбегеніме өкініп жүрген едім. Алла тағалам кезінде өзімді үш жыл бойы зар еңіреткен Дулаттың сазайын бермегенімді маған кешірмесе керек, не болмаса осы жолы есемді қайтаруға тағы бір мүмкіндік беріп отырған болуы керек.

Үндемеген күйі өмірден озды — Тәуелсіздік тарихындағы тапсырыспен орындалған қанқұйлы саяси кісі өлімі жасырған құпия өте көп. Ержан Өтембаевтың неліктен тапсырыс беруші болуға келісе кеткені, уақытында қоғамды қорқыныш құшағында ұстаған Р.Әлиев және оның сенімді адамы Ә.Мұсаевтың үнсіздігі, өз қолымен жазған мәлімдемесіндегі белгілі адамдар туралы Ибрагимовтың тілін тістеп, айтқысы келмеуі, осының бәрі де қылмыстық істің жантүршігерлік жұмбағын одан әрі қоюландыра түседі.

Қызыл тілдің «қызығы» — Облыстық жол құрылысы  мен көлік қатынасын қадағалайтын мекемеде жұмыс істеймін. Бастығымыз – еркек. Оның оң қолы – әлгі әйел. Келесі қанаты – ер кісі. Менің бөлімім бірінші орынбасардың құзырына қарайды. Есімі де ерекше –Айару. Шынында да, ажары толған айдай аппақ. Менен жасы кіші мезіреттігін сақтап, әйтеуір, кейде «Сәке», бірде «сіз» деп сызылып тұрады.

Қайта сайланған Ердоғанның енді құзыреті тіптен ерекше болмақ — Бірақ көптеген тәуелсіз сарапшылар президенттің авторитаризмге бет алғанын айтады. Содан болар, 2016 жылы 15 шілдеде елде мемлекеттік төңкеріс жасау талпынысы болып, оны басып, соңынан көптеген адамдарды қуғындаған Ердоғанды батыс саясаткерлері жиі сынайды. Ел экономикасы әлсіреген шақта аймақ бойынша күрдтерге қарсы әрекет қылып, 2016 жылы әскери төңкеріс жасауға талаптану оқиғасынан кейін саяси қарсыластарын қудалауға көшкен Ердоғанның беделі әлсірей бастағандай еді.

Панамагейт: үлкен қыздың есімі офшордан шықты — OCCRP-дің жазуынша, Дариға Назарбаева 2007 жылдан бері британдық Виргин аралдарында тіркелген Asstery Holdings Ltd компаниясының тең қожайыны. Asstery Holdings Ltd Қазақстандағы қант зауыттарына өзге компаниялар арқылы иелік етеді. OCCRP Дариға Назарбаеваға бұған қатысты сауалдар жолдаған, бірақ президенттің қызы оларды жауапсыз қалдырыпты.

Жұрт президенттің үлкен қызы офшорда компаниясын жасырыпты деп шуласып жатқанда, Д.Назарбаева Алматыда жалғыз қызын ұзатқан тойда шалқып жүрді. Д.Назарбаева мен Рахат Әлиевтің сүт кенжесі, 18 жастағы Венера Назарбаева ҚазҰУ-дың заң факультетінің түлегі, 22 жастағы Дален Шайжүнісовке тұрмысқа шыққан. Ақпарат құралдарының жазуынша, сән-салтанатты той Ritz-Carlton бесжұлдызды қонақүйінде өтіпті.

Жан серігіңіз «Жас Алашқа» жазылыңыз!

Электронды нұсқаға жазылудың артықшылығы көп. Пошта қызметін күн ұзақ күтіп отырмайсыз. Көшедегі дүңгіршектен іздеп шаршамайсыз. Электронды нұсқаның бағасы газет құнынан екі есе арзан. Себебі редакция қағаз бен баспаханаға шығындалмайды. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де газеттің электронды нұсқасы қалаған уақытыңызда қолыңызда тұрады.

Газеттің электронды нұсқасына жазылу үлгісі:
Сілтемені https://zhasalash.kz/gazet-pdf/ басып, жазылу бетіне өтесіз. Сосын қанша уақытқа жазылатыныңызды таңдайсыз. Әрі қарай төлем жасау е-парағына өткен соң, кестеде көрсетілген * жұлдызшамен белгіленген тұсты толырып, «төлеу» дегенді бассаңыз, банк карталары арқылы төлем жасау жүйесіне енесіз.

Немесе кез келген жердегі Qiwi төлем қабылдау терминалы арқылы+77012206452 нөміріне ақшаңызды салып  (3 айға 750 теңге, 6 айға 1500 теңге, 1 жылға 3 мың теңге), сол түбіртек пен электронды поштаңызды осы нөмірдегі (+77012206452 ) whatsapp жүйесіне жолдасаңыз болды. Газеттің электронды нұсқасы Сіздің е-поштаңызға түсіп тұрады.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.