АҚШ Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың бірқатар мұсылман елдерінің азаматтарына елге кіруге тыйым салу жөніндегі иммиграциялық жарлығын қолдады.

Жоғарғы соттың бас судьясы Джон Робертс билік елдің ұлттық қауіпсіздігіне байланысты жеткілікті дәлелдер ұсынғанын айтты.

Жоғарғы сот осылайша тыйым салу адамды кемсітеді және президент өз құзыретін асыра пайдаланды деген тұжырымды жойды. Сот шешімі бойынша, шағымданушылар тыйым миграциялық заңды шектейтінін немесе АҚШ Конституциясына енгізілген, үкіметтің қандай да бір дінге басымдық беруін болдырмайтын бірінші түзетуді бұзбайтынын дәлелдей алмады. Трамптың жарлығын Жоғарғы соттың тоғыз судьясының бесеуі қолдап, төртеуі қарсылық білдірген.

Трамптың 2017 жылдың наурыз айында шығарған жарлығы бойынша, Венесуэла, Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Солтүстік Корея және Сомали азаматтарының АҚШ-қа кіруіне шектеу салынған. Жарлықты құқық қорғау ұйымдары мен босқындарға көмектесетін топтар сынаған. Былтыр қыркүйекте төменгі инстанция соты құжатты конституцияға қайшы деп танып, шектеу қойған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.