Жезқазған қаласында 18 жастағы он бірінші сыныпты бітірген түлектің мәйіті табылды. Қала көшелерінің бірінде таңертеңгілік тұрғындар жас жігіттің денесін көріп полицияға хабарласқан. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенімен, баланы аман сақтап қала алмады. Тастан тиген соққыдан бала бірден жан тапсырған. Марқұмның әжесі қайғылы күнді еске алды. 

Жезқазғанда мектеп түлегінің мәйіті табылды

«16 маусым күні, қызым бақшаға кетті. Мен үйде болатынмын. Немерем Костя қазір мен шығып келемін деп шығып кеткен болатын. Қызым бақшаға жеткен бойда, полицейлер қоңырау шалыпты. Оның жылдам арады полиция бөлімшесіне жетуін өтініпті.  Досының айтуынша, олар қыздармен қыдыруға келіскен. Бірақ, немерем басқа кездесуге кетіп қалған. Ол жерді досы білген. Көп кешігіп жатқан соң ол да артынан барған. Оқиға орнына келгенде баламның қансырап жатқанын көрген. Бас сүйегінен сау тамтығы қалмаған. Оның тынысын аңғарып бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда, бірер уақытта немерем жүріп кетті », — дейді Константиннің әжесі Татьяна ДАНИЛОВА.

Жер қойнауына тапсырған күні марқұмның басындағы қан тоқтап бітпенген. Сондықтан арнай қаппен басын орап жерлеген. Оқиға болған жерде бір емес, бірнеше бейне бақылау болған. Бірақ туыстарының айтуынша,  біреуі де іске қосылмаған.  Марқұмның туыстары прокуратураға да арызданған. Әзірге медициналық сараптаманың қорытындысын күтуде.

Дегенімен, Қарағанды облыстық ІІД баспасөзі қызметінің мәлімдемеуінше, 17 жасар күдікті ұсталынған. Қазіргі таңда одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, «үй қамағына» алынған.

«Қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы күдікті ұсталды. Ол жанжал кезінде 18 жастағы жігіттің денесіне пышақ салғанын мойындады» — дейді ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан ҚҰДИЯРОВ.

Фотолар: автордікі және arnapress.kz.  

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.