Қырғыз үкіметі Қытайдың қарызынан құтылу үшін халықтан жылу жинамақ. Бұл туралы Жас Алаш press-unity.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет арнайы есепшот ашатын болады. Оған мемлекетке болысқысы келетін адамдар ғана ақшаларын аударады. Бұл туралы парламетте өткен отырыста премьер-министр Мұхамедқалый ӘБІЛҒАЗИЕВ мәлімдеді.

«Екі есепшот ашуды жоспарлап отырмыз. Бірі еріктілер үшін. Екіншісіне жемқорлық бойынша ұсталғандардан тәркіленген қаржат құйылады. Есепшоттар Қаржы министрлігінің құрамында ашылады», — деді Қырғыз Республикасының премьер-министрі.

Негізі бұл идея ең бірінші Жоғарғы Кеңеште көтерілген. Президент халықтан жылу жинау туралы қаулыға қол қойған. Қырғыздардың Қытайға қарызы 1,7 млрд доллар. Ал мемлекеттің жалпы қарызы 4,4 млрд доллар екен.  

Фото: sputnik.kg

 

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.