Ақын Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ немересі Ескендірдің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізуді талап етіп Ішкі істер министрі Қалмұхамбет ҚАСЫМОВҚА хат жолдаған. Марқұмды Жамбыл облысы ішкі істер департаменті бастығының қызы қағып өлтірген. Бұл туралы журналист Гүлжан ЕРҒАЛИЕВА facebook.com әлеуметтік желісіндегі өз парақшасына жазған.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусым күні Астана қаласындағы Мәңгілік ел мен Керей және Жәнібек хандар көшесінің қиылысныда жол апаты болған еді. Мотоциклмен келе жатқан ақынның немересін бір автокөлік қағып жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен еді. 25-ші маусым күні Алматыда 26-жастағы азамат жерленді.

Қазір ауыр қайғыдан сексенен асқан ақын ауруханаға түсіп қалған екен.

«Олжекең Ескендірді өлтірген адамның отбасымен бейбіт келісімге келуге мүлдем қарсы. Ең сорақысы генералдың қызы қылмыс болған жерден қашып кеткен. Әкесіне хабарласып жасаған ісінің артын жуып шайдырған. Қыздың қанынада алкоголь болмады деген анықтама да алып үлгерген», — деп жазды Гүлжан Ерғалиева.  

Гүлжан Ерғаливаның жазып отырғаны шын болса полиция генерал-майоры Тілеген МӘТКЕНОВТЫҢ қызы адам өмірін қиған жол апатына кінәлі. Алайда бұл туралы ресми ешқандай да ақпарат әзірге жоқ.

Фото: facebook.com

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.