Мәскеу Батыс Еуропамен бұрынғысынша сауда-саттық жүргізіп отырғанына қарамастан, Батыстың енгізген санкцияларына байланысты Ресей бұрынғыдан да тәуелсіз әрі дербес болуға үйреніп жатыр деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Маусымның 29-ы күні британдық Channel 4 News телеарнасына берген сұхбатында Лавров Ресей 2014 жылы санкциялар енгізілгеннен кейін, әсіресе мемлекеттің өмір сүруіне қажетті салаларда әскери және экономикалық әлуетін күшейтті деді.

«Соңғы жылдары біз бұл салаларда Батысқа сеніп қарап отыруға болмайтынын түсіндік», — деп мәлімдеген ол.

«Батыс технологияларына сенім артуға болмайды, өйткені олардың жұмысын кез келген сәтте тоқтатып тастауы мүмкін, Батыстан әкелінетін күнделікті тұтыну тауарларына сенуге болмайды, себебі қашан болмасын оларды жөнелтуді доғаруы ықтимал», — деген Лавров.

Оның сөзінше, Ресей өзіне қарсы санкцияны өнеркәсібін нығайту үшін пайдаланып жатыр және санкция күшінде тұрғанда оны жалғастыратын болады.

Батыс санкциялары мен Мәскеудің батыс елдеріне қарсы қабылдаған шаралары Ресей мен Батыс Еуропа арасындағы тауар айналымын 50 пайыздан артық кемітіп жіберді деген Лавров. Бірақ, соның өзінде, Батыс Еуропа Ресейдің ірі сауда серіктесі болып қалып отыр, екеуінің өзара тауар айналымы 250 миллиард доллардан асады.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.