Әлеуметтік желіде Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде бақылау камерасына түсіп қалған  педофилге қатысты әңгіме күшейіп барады. Осыған орай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі арнайы ақпарат таратты.

-Әлеуметтік желілерде ер азаматтың кәмелет жасқа толмаған балаға қатысты заңсыз іс-әрекеті туралы бейнематериал таралған. Аталған жайт Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Еңбекші полиция бөлімінің СДТБТ-не тіркелді.Полицейлер барлық іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде жедел із кесушілер ізін суытпай күдіктіні ұстады. Қазіргі таңда сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,- делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция жәбірленген болуы мүмкін деген бала туралы ешқандай ақпарат таратпауды сұранып отыр. Бәрін сараптама мен тергеу амалдары анықтайды.

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.