Қарағандыда өңірінде соңғы үш күннің ішінде төрт бала терезеден құлап, екеуі тілге келместен көз жұмды. Бір жастан үш жас аралығындағы балалар ата –әжелерінің қарауында болған.

28 – ші мамыр күні Теміртау қаласында 2015 жылғы Алдияр есімді  бала жетінші қабаттан құлап, аман қалған. Қазір дәрігерлердің айтуынша, жағдайы бір қалыпты. Миы шайқалып, жарақаттар алғанымен, беті бері қарап келе жатыр. Сонымен қатар, 30 мамыр күні бесінші қабаттан құлаған Абай қаласының 2017 жылы туған баланың жағдайы ауыр екен.

Қарағандыда төрт бала терезеден құлап кетті

«Соңғы үш күннің ішінде терезеден төрт бала құлады. Өкінішке орай, екі баланы құтқарып қалу мүмкін болмады. Ал, екі баланың жағдайын айта кетсек, Теміртау қаласының тұрғынының жағдайы оңалып, жақсарып келе жатыр. Ал, Абай қаласының бір жасым жасар тұрғыны ауыр халде түсті. Қазір де жағдайы өте ауыр. Қосымша құрылғылардың көмегімен жансақтау бөлімінде жатыр. Орта дәрежеде бас сүйегі жарақаттанған, онымен қоса, көк бауыры үзіліп, іш құрылысы зақымданған»,- дейді Денсаулық сақтау басқармасының маманы Наталья ДЮСЕМБАЕВА.

Ал, 1-ші және 2-ші шілдеде терезеден құлаған қос бала Қарағанды қаласының тұрғындары. Үш жарым жасар Әлимансұр әжесімен қалған. Әжесі ас бөлмеден алма алып келгенше, бала бесінші қабаттан құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, уақытылы келген жедел жәрдем қызметі еш әрекет жасай алмады.

Надежда Ковалева сол күні аулада отырған. Кенеттен баланың құлағанын бірден аңғарып, жедел жәрдем шақырған.

Қарағандыда төрт бала терезеден құлап кетті

«Көзді ашып жұмғанша, баланың қалай құлап кеткенін аңғармай қалдық. Маскид қоршауы бір жақта, бала екінші жақта жатты.Көк баланың денесінде жаны болғанымен,еш қозғалыссыз жатты. Дәрігерлер келді. Бірақ, кеш болды.Еш нәрсе жасай алмады. Бір жарым сағаттан соң бала жүріп кетті. Барлық көршілер жыладық. Амал қанша баланы қайтара алмаймыз».

Бүгін екі жасар баланың сегізінші қабаттан құлағанын естіген дәрігерлер дабыл қағуда. Баланы жалғыз немесе қараусыз қалдырмауын облыстық төтенше жағдайлар қызметкерлері де ескертеді.

Қарағандыда төрт бала терезеден құлап кетті

«Құрметті ата аналар! Балаларды ашық терезенің маңына жібермеңіздер, терезе алдына тұрғызбаңыздар. Қауіпсіздік шарасын қолдану мақсатында, терезе алдындағы жиһаздарды алып тастауды сұраймыз»,- деген мәлімдемеде Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова балалардың сақтығы үшін, жазғы мезгілде терезеге қоршаулар қоюды сұрайды.

Фотолар автордікі. 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.