Еуропа комиссиясы Польша билігінің үстінен Жоғарғы сот реформасына қатысты тергеу бастады. 

Польшада 3 шілдеде жоғарғы сот туралы жаңа заң күшіне енеді. Заң бойынша, судьялар енді 65-ке толған соң бірден отставкаға кетпек. 

Deutsche Welle радиосының хабарлауынша, заңға сай елдегі судьялардың 40 пайызы отставкаға кетуі мүмкін. Медициналық құжатын көрсетіп, ел президентінің келісімін алған судьялар ғана штатта қалмақ. Бұдан өзге, жаңа заң әділет министріне жоғарғы сот судьяларын отставкаға жіберіп, орнына судья тағайындауға мандат береді.

Еуропа Одағы (ЕО) Польшаның жаңа заңы елдің сот жүйесінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретінін айтады. Брюссель бір ай ішінде Еуропа сотына Варшаваға аталған заңды қабылдағаны үшін айыппұл салуды сұрап шағымдана алады.

Польшаның биліктегі «Заң және әділеттілік» партиясы сот жүйесін реформалауды 2015 жылы бастаған. Ол кезде Варшава жоғарғы сот судьяларын бұрынғы үкімет тағайындағанын мәлімдеген. 2017 жылы желтоқсанда Еуропа комиссиясы Польшадан сот жүйесі реформасын қайта қарауды талап етіп, санкция салатынын ескерткен. Польша билігі Еуропа комиссиясының шешімін «саяси астары бар» деп атаған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.