Облыстардың Астананың 20 жылдығына жасаған тартуы мен сыйы жергілікті бюджет қаржысы есебінен төленбейді деп мәлімдеді Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. Астанада үкімет отырысынан соң Азаттық тілшісі Тимур Сүлейменовке «Аймақтардың Астанаға жасаған тартуына қаржы қайдан алынады және ол тарту мен сый жасаудың кестесі я тізімі бар ма?» деп сұрады.

Министр Астананың мерейтойына тарту мен сыйға жергілікті бюджеттен қаржы жұмсалмайтынын, оны «демеушілер мен бизнесмендер өз қаржысына және өз еркімен сыйлайтынын» айтты. Министрдің сөзінше, тарту мен сый ерікті түрде болғандықтан, оның бекітілген тізімі я кестесі жоқ.

Оқи отырыңыз:Министр Астананың 20 жылдығына бөлінген 19 млрд туралы айтты

Бірнеше облыс биыл Астананың 20 жылдығына деп қалада түрлі мәдени көпшілік нысандарын салып, тарту жасап жатыр.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.