Қақпаға Lexus кіріп кетті

256

Футболдан әлем чемпионатында шетелдік футболшылар қақпаға доп соғып жатса, біздің елдің дөкейлері көліктерін соғып жатыр. Көкшетаудың шағын аудандарының бірінде «Lexus» жол талғамайтын көлігі балаларға арналған спорт алаңына кіріп кеткен. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Ойнап жүрген бүлдіршіндер жан-жаққа қашып үлгеріпті.

Төтенше жағдайды өз көздерімен көрген көкшетаулықтар «көліктің ішінде жүргізуші болған жоқ» дейді. Олардың айтуларынша, иесі қыздырған сәтте қатты жылдамдықпен жүріп кеткен көлік спорт алаңының ішіне кіріп тоқтаған. Ал, желі қолданушылары бұл мәліметті жоққа шығарып отыр. Олар жүргізушінің көлік ішінде болғанын және газ бен тежегішті шатастырып алғанын айтады. Оқыс оқиғаның нақты неден болғаны, әзірге, белгісіз. Облыстық Ішкі Істер департаменті мамандары оқиғаның мән-жайын әлі анықтап жатыр.

«Темірді соғып, футбол алаңының ішіне кіріп кетті. Қақпаға тіреліп барып тоқтады. Көлік иесі қасында тұрған. Автомобильдің қалай жүріп кеткенін түсінбей қалдық. Көлік иесі, шамамен, 50 жаста. Осы үйде  тұра ма, жоқ па білмеймін», — дейді  куәгер Владимир СЫЧЕВОЙ.

Фотолар автордікі. 

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.